2018 жылдың 14 қаңтар күні Ақсуат ауылында Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Жайық өзенінде «Балыққа да бап керек» атты мұз ою акциясы оздырылды. Акция аясында мұз құрсауындағы балықтарға оттегін жіберу үшін, Пойма ауылының белсенді  жастары Жайық өзенін ойып, балықтарға ауа жіберді. Акцияның негізгі мақсаты: жастарды адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

2018 жылдың 5 қаңтар күні Ақсуат ауылында Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы оздырылды. Акция аясында белсенді ауыл жастары ауыл тұрғыны жалғызбасты қария Казгулова Зоя әжейдің және Қожаниязов Отар ата мен Қожаниязова Ақыл әжейдің үйіне барып, қарын күреп, қора қоқысын тазалап, көмек көрсетіп, үлкендердін батасын алды.

2017 жылды 30 желтоқсан күні Пойма ауылының жеке кәсіпкері А.Ш.Ильжанованың демеушілігімен, Пойма тұрғыны Д.Нұрланқызы және Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның  ұйымдастыруымен «Қош келдің Жаңа жыл» атты Пойма ауыл бүлдіршіндеріне жаңа жылдық мереке сыйлады. Сондай- ақ Пойма бастауыш мектебінің мұғалімі Н.М.Исмагулов музыкалық аппаратурасымен кешті әрі-қарай көңілді етіп өткізді.