14 наурыз «Көрісу айт» күні мерекесіне орай, Ақсуат ауылдық округінің аппараты, ауылдық клубы меңгерушісі А.Мусина және жастармен жұмыс жөніндегі маман А.Ж.Мергалиеваның және ауылымыздың кітапханашысы А.У.Бисембаеваның ұйымдастыруымен, ауыл клубында ауыл ақсақалдарымен, ақжаулықты аналармен отырыс болды. Бұл күні ауыл үлкендері бір – бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» - деген тілектерін айтты. Ауыл әкімі М.Энгелұлы құттықттау сөз сөйлеп, үлекендер жағы бата беріп, ұйымдастырушыларға рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.