2018 жылдың 6 наурыз күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ЖОББ мектебінің тәлімгері А.С.Дарменованың бірлесіп ұйымдастыруымен ауыл клубында «Мектеп аруы- 2018» cұлылық байқауы оздыралыды.

Байқаудын мақсаты: бойжеткен қыздарымызды ұлтымыздің салт- дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, инабатылыққа тәрбиелеу. Қыз балалардың икемділігін, шеберлігуін, шығармашылық қабілетін арттыру, ұлттық салт – дәстүрі, әдет – ғұрыпты оқушылар бойына дарыта отырып дамыту болып табылады. Байқауда қыздар 5 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша «Мектеп аруы - 2018» атағын 9 сынып оқушысы Асылжан Бакбасова жеңіп алды. Жүлделі 1 орынды 8 сынып оқушысы Бибіайша Абуғалиева алса, 2 орынға 10 сынып атынан шыққан Эльмира Шайхиева ие болды. Қалған орынды 8 сынып арулары Лунара Рамазанова мен Назира Базарбаева өзара бөлісті. Байқау өте жоғарғы деңгейде өтті.