1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай, Ақсуат ауылдық округінің аппараты, ауылдық клубы меңгерушісі А.Мусина және жастармен жұмыс жөніндегі маман А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен ауылдағы 300-дей әр шаңыраққа жүрек жарды тілектер жазылған құттықтаулар таратылды. Ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Сонымен қатар, округ әкімі аппарат және мектеп ұжымын, сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.