2018 жылдың 28 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның  ұйымдастыруымен 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай, Ақсуат ауылындағы Сарсенгалиева Орнай әженің үйіне барып, «Алғыс айту» күнімен құттықтап, қал-жағдайын сұрап, көмек көрсетілді. Шара мақсаты: жастарға «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.