2018 жылдың 21 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның және Ақсуат ауылдық округінің әкімшілік аппаратының бірлесіп  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Мен сені сүйемін, Ақсуат» светодиодтық жазбасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында аудандық кәсәпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Нұрлабеков,ауыл тұрғындары Кұбаевтар отбасы мен ауыл ақсақалы Ж.Рамазанов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады. Шара соңында  «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі » атты отбасылар арасында қысқы отбасылық  сайысы өткізілді.

Сайыстын басты мақсаты әр отбасының спортқа деген қызығушылғын арттыру. Салауаттану-адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Қысқы спорттық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Шараға Телжановтар . Ищановтар . Төлегеновтер . Габдушевтер отбасылары қатысып, 6- кезеңді  жақсы көңіл - күймен бастап, қызықты да,тартысты ойын көрсетті. Шара соңында сайысқа қатысқан отбасыларға Ақсуат ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Тулегенов Саттар Кайреденұлы диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.