2018 жылдың 21 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Жетістік жолы» атты өңірдің зиялы қауым өкілдерімен жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу оздырылды. Кездесу барысында,  ауыл тұрғыны Саматова Моншақ Габдулловнамен кездесіп, өмір жолымен жеткен жетістіктерімен танысып, әр түрлі сұрақтар қойып нақты жауап алдық. Кездесудін негізгі мақсаты Рухани жанғыру мақаласы аясында ұрпақ сабақтастығын жаңғыртып,жастарға белгілі тұлғалардың өмірін дәріптеу болып табылады.