2018 жылдың 19 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның және Ақсуат ауылдық кітапханашысы А.У.Бисембаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауғанда болған ардагер» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауылымыздағы ауған ардагері Хайрлапов Ерікбай Мүслімұлы қатысуымен кездесу-кеші оздырылды. 

Кештін негізгі мақсаты Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Шара барысында Ауған соғысына қатысып қаза болған жауынгерлердің рухын еске алу мақсатында  1 минут үнсіздікпен басталып, патриоттық әндер шырқалып бейнероликтер  көрсетілсе, Ауған соғысы ардагері Хайрлапов Ерікбай Мүслімұлы жастарға өзінің ауған даласындағы оқиғаларын әңгімеледі. Кеш соңында Ауған ардагеріне Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының міндетін уақытша атқарушы Төлегенов Саттар Қайреденұлы бағалы сыйлықпен алғыс хат табыстады.