2018 жылдың 12  ақпан күні Ақсуат ауылында Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Ақсуат ЖОББМ-де «Қыс қызықтары» атты сурет байқауы оздырылды. Байқауда 1 орынды  Майдан Тайман, 2 орынды Кушубаева Алина 3 орынды Жаксыгалиева Сабина дипломмен, медальдармен марапатталды. Байқаудын мақсаты: айнала қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын, табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай тамаша көріністерін бейнелеу.