2018 жылдың 9 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның бірлесіп ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық клубында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби - сазды кеші өтті. Кеште ақынның өмірін баяндайтын, деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері, поэзиялары оқылды. Сонымен қатар өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.Кештің негізгі мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы жастарды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.