2018 жылдың 26 қаңтар күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық клубында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде «Жарқын жастық – баянды болашақ» тақырыбында ауыл жастары, студенттер және оқушылар арасында кездесу кеші оздырылды.

Кештің  негізгі мақсаты: ауыл жастары, студенттерімен оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр жастын қызықты да қиын күндерін және өздерінің ұсыныстарымен пікірлерін тыңдай отырып, шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беруЖастарды қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.