2018 жылдың 14 қаңтар күні Ақсуат ауылында Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Жайық өзенінде «Балыққа да бап керек» атты мұз ою акциясы оздырылды. Акция аясында мұз құрсауындағы балықтарға оттегін жіберу үшін, Пойма ауылының белсенді  жастары Жайық өзенін ойып, балықтарға ауа жіберді. Акцияның негізгі мақсаты: жастарды адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.