2018 жылдың 5 қаңтар күні Ақсуат ауылында Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы оздырылды. Акция аясында белсенді ауыл жастары ауыл тұрғыны жалғызбасты қария Казгулова Зоя әжейдің және Қожаниязов Отар ата мен Қожаниязова Ақыл әжейдің үйіне барып, қарын күреп, қора қоқысын тазалап, көмек көрсетіп, үлкендердін батасын алды.