2017 жылды 30 желтоқсан күні Пойма ауылының жеке кәсіпкері А.Ш.Ильжанованың демеушілігімен, Пойма тұрғыны Д.Нұрланқызы және Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның  ұйымдастыруымен «Қош келдің Жаңа жыл» атты Пойма ауыл бүлдіршіндеріне жаңа жылдық мереке сыйлады. Сондай- ақ Пойма бастауыш мектебінің мұғалімі Н.М.Исмагулов музыкалық аппаратурасымен кешті әрі-қарай көңілді етіп өткізді.

2017 жылды 30 желтоқсан күні Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен  Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның бірлесіп ұйымдастыруымен «Жаңа жылдық базарлық» атты Ақсуат ауылында кішкентай бүлдіршіндерге жаңа жылдық ертеңгілік оздырылды. Шара басында Ақсуат селолық округінің әкімі М.Энгелов сөз алып, ауыл бүлдіршіндеріне келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Шара жоғарғы деңгейде өтті.

2017 жылды 31 желтоқсан күні Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның бірлесіп ұйымдастыруымен «Жаңа жылдық көңіл-күй» атты ауыл тұрғындарына  Жаңа жылдық кеш өткізілді.Жаңа жылдық кешімізді Ақсуат селолық округінің әкімі М.Энгеловпен ауыл ақсақалы Т.Даукенов сөз алып, ауыл тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.Шараның өтуіне «Теректі май комбинаты» ЖШС; ЖК «Лучик» үлкен демеушілік көрсетті.

2017 жылды 31 желтоқсан күні Алғаш рет Пойма ауылында ЖК К.А.Адильхановтың, ауыл тұрғыны А.Г.Қойбағарованың және Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Жаңа жыл - 2018» атты ауыл тұрғындарына Жаңа жылдық кеш өткізілді. Жаңа жылдық кешімізді Ақсуат селолық округінің әкімі М.Энгелов сөз алып, ауыл тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.Шара қызықты да, көңілді өтті.