2018 жылдың 15 наурыз күні Ақсуат ауылында Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Жәрдем» көпшілік қар тазалау акциясы оздырылды. Акция аясында белсенді ауыл жастары, ауыл тұрғыны жалғызбасты қария Қожаниязов Отар ата мен Қожаниязова Ақыл әжейдің үйіне барып, қарын күреп, тазалап көмек көрсетіп үлкендердін батасын алды.

14 наурыз «Көрісу айт» күні мерекесіне орай, Ақсуат ауылдық округінің аппараты, ауылдық клубы меңгерушісі А.Мусина және жастармен жұмыс жөніндегі маман А.Ж.Мергалиеваның және ауылымыздың кітапханашысы А.У.Бисембаеваның ұйымдастыруымен, ауыл клубында ауыл ақсақалдарымен, ақжаулықты аналармен отырыс болды. Бұл күні ауыл үлкендері бір – бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» - деген тілектерін айтты. Ауыл әкімі М.Энгелұлы құттықттау сөз сөйлеп, үлекендер жағы бата беріп, ұйымдастырушыларға рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

2018 жылдың 6 наурыз күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ЖОББ мектебінің тәлімгері А.С.Дарменованың бірлесіп ұйымдастыруымен ауыл клубында «Мектеп аруы- 2018» cұлылық байқауы оздыралыды.

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай, Ақсуат ауылдық округінің аппараты, ауылдық клубы меңгерушісі А.Мусина және жастармен жұмыс жөніндегі маман А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен ауылдағы 300-дей әр шаңыраққа жүрек жарды тілектер жазылған құттықтаулар таратылды. Ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Сонымен қатар, округ әкімі аппарат және мектеп ұжымын, сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

2018 жылдың 28 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның  ұйымдастыруымен 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай, Ақсуат ауылындағы Сарсенгалиева Орнай әженің үйіне барып, «Алғыс айту» күнімен құттықтап, қал-жағдайын сұрап, көмек көрсетілді. Шара мақсаты: жастарға «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.

2018 жылдың 28 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Қалың қалай, студент?» атты тақырыбында, студент Сансызбаева Зарина Нұрланқызының арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың  мақсаты студенттін қазіргі жағдайымен танысып, оларға әр түрлі бағытта көмек көрсету.

2018 жылдың 21 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның және Ақсуат ауылдық округінің әкімшілік аппаратының бірлесіп  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Мен сені сүйемін, Ақсуат» светодиодтық жазбасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында аудандық кәсәпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Нұрлабеков,ауыл тұрғындары Кұбаевтар отбасы мен ауыл ақсақалы Ж.Рамазанов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады. Шара соңында  «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі » атты отбасылар арасында қысқы отбасылық  сайысы өткізілді.

2018 жылдың 21 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Жетістік жолы» атты өңірдің зиялы қауым өкілдерімен жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу оздырылды. Кездесу барысында,  ауыл тұрғыны Саматова Моншақ Габдулловнамен кездесіп, өмір жолымен жеткен жетістіктерімен танысып, әр түрлі сұрақтар қойып нақты жауап алдық. Кездесудін негізгі мақсаты Рухани жанғыру мақаласы аясында ұрпақ сабақтастығын жаңғыртып,жастарға белгілі тұлғалардың өмірін дәріптеу болып табылады.

2018 жылдың 19 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның және Ақсуат ауылдық кітапханашысы А.У.Бисембаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауғанда болған ардагер» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауылымыздағы ауған ардагері Хайрлапов Ерікбай Мүслімұлы қатысуымен кездесу-кеші оздырылды. 

2018 жылдың 15 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Болашағын өз қолында!» жобасы аясында NEET категориясындағы жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағытында кездесу оздырылды. Кездесудін негізгі мақсаты: жастарды ұзақ және қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға баруға шақыру. Жастарды жұмыспен қамту, еңбек сүйгіштікке баулу.

2018 жылдың 15 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен, Ақсуат ЖОББ мектебінің тәлімгері А.С.Дарменованың бірлесіп ұйымдастыруымен «Қозғалыс әлемі» бишілер батл марафоны оздырылды. Шараға 8 команда қатысып, Бас жүлдені 10 «а» – сыныбы «Star  teenagers» командасы, 1 орынды 7 «а»- сыныбы «Мумия» командасы, 2 орынды 6 «а» – сыныбы «Best fritnds» командасы, 3 орынды 9 «а», «б»- сыныбы «Bad girls» командасы жеңіске жетті. Шараның  негізгі мақсаты оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

2018 жылдың 14 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Ақсуат ЖОББ мектебінің 11 – сынып оқушылары арасында латын тілінде диктант өткізілді. Шараның мақсаты: Елбасы саясатын қолдау, жастар арасында латын әліпбиін кеңінен насихаттау.

2018 жылдың 14 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның  ұйымдастыруымен, «Роботехника негіздері» үйірме жетекшісі Ә.М.Күселбаева, Ақсуат ЖОББ мектеп оқушыларымен  IT, роботехника саласы бойынша оқыту курстары, шеберлік сағаттарын өткізді. Курстын мақсаты: роботехника бойынша мектеп оқушыларының білімдерін жетілдіру, қызығушылықтарын ояту.

2018 жылдың 12  ақпан күні Ақсуат ауылында Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Ақсуат ЖОББМ-де «Қыс қызықтары» атты сурет байқауы оздырылды. Байқауда 1 орынды  Майдан Тайман, 2 орынды Кушубаева Алина 3 орынды Жаксыгалиева Сабина дипломмен, медальдармен марапатталды. Байқаудын мақсаты: айнала қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын, табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай тамаша көріністерін бейнелеу.

2018 жылдың 9 ақпан күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен Ақсуат ауылдық клубының менгерушісі А.Е.Мусинаның бірлесіп ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық клубында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби - сазды кеші өтті. Кеште ақынның өмірін баяндайтын, деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері, поэзиялары оқылды. Сонымен қатар өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.Кештің негізгі мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы жастарды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

2018 жылдың 7 ақпан күні Ақсуат ауылық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық клубында «Жастар кәсіпкерлік үшін» атты кездесу оздырылды.Кездесуге Теректі ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.С.Ихсановпен БҚО кәсіпкерлік палатасының Теректі ауданындағы филиалының кеңесші менеджері Е.С.Ткешев келіп ауыл тұрғындарына, өз кәсібін ашқысы келетін ауыл жастарына  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.Кездесудің негізгі мақсаты жастардын өз кәсіптерін ашуға деген қызығушылықтарын ояту, еңбек сүйгіштікке баулу.Жастар кәсіпкерлігінің дамуына жағдай жасау.

2018 жылдың 2 ақпан күні Пойма ауылында Ақсуат ауылық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы оздырылды. Акция аясында белсенді Пойма ауыл жастары ауыл тұрғыны жалғызбасты қария Чернобай Елена әжейдің, Койнова Надежда әжей мен Кочеткова  Екатерина әжейдің үйіне барып, қарын күреп, тазалап көмек көрсетіп үлкендердін батасын алды.

2018 жылдың 26 қаңтар күні Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық клубында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде «Жарқын жастық – баянды болашақ» тақырыбында ауыл жастары, студенттер және оқушылар арасында кездесу кеші оздырылды.

2018 жылдың 19 қаңтар күні Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиевамен, ауылымыздың кітапханашысы А.У.Бисембаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен, Ақсуат ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында талқылау, қолдау мақсатында «Елбасы жолдауы – жастардың қолдауы» тақырыбында ауыл жастарымен оқушылар қатысып дөңгелек үстел оздырылды.

2018 жылдың 19 қаңтар  күні Ақсуат селолық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы А.Ж.Мергалиеваның ұйымдастыруымен «Жастар елдің – болашағы» атты  Ақсуат селолық округінің әкімі М.Энгеловпен жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу оздырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: болашақта дұрыс мамандық тандау.