Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшілігін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгілі.  

Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншігі болып табылады және салымшы келіп алғанша, тіпті ол шетелге көшіп кетсе де Қорда мерзімсіз сақтала береді.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда №6013 болып тіркелді

Жүктеу

 

 

С 5 января по 06 февраля 2020 года было Республиканское оперативно - профилактическое мероприятие «Браконьер».

На территории Теректинского района проведены 5 рейдовых меропрития совместно с природоохранными органами на водоемах и территориях охотничье-рыболовных хозяйствах.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердің бірқатары жаңартылып, жетілдірілді. Солардың бірі – Қордың мобильді қосымшасы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Ақсуат, Пойма ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық онамастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаз болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

№р/с/

№ п/п

Елді мекеннің атауы/ Наименование населенного пункта

Жәшіктердің  саны/

Количество ящиков

Ұсыныстар, сын-пікірлерге арналған жәшіктердің  орналасқан жері/

Местонахождение ящиков для предложений и замечаний

1.

Пойма/ Пойма

1

Пойма а., ЖК «Диас» ғимараты /

с.Пойма, здание ИП «Диас»

2.

Магистральный/ Магистральное

1

Магистральный а., мектеп ғимараты

с.Магистральное, здание школы

3.

Әйтиев/ Айтиево

1

Әйтиев а., мектеп ғимараты /

с.Айтиево, здание школы

4.

Ақсуат/ Аксуат

1

Ақсуат а., ауылдық клуб ғимараты/ с.Аксуат, здание сельского клуба.

 

 

1.

Ақсуат  ауылдық округі/ Аксуатский сельский округ

Энгелов

Максим

Энгелұлы

14.01.2020 ж/г.

с/ч 11-30

Пойма а., ЖК «Диас»  ғимараты

с.Пойма, здание ИП «Диас»

14.01.2020 ж/г.

с/ч 15-00

Магистральный а., мектеп ғимараты

с.Магистральное, здание школы

14.01.2020 ж/г.

с/ч 17-00

Әйтиев а., мектеп ғимараты

с.Айтиево, здание школы

 

2

Ақсуат ауылдық округі/

Аксуатский сельский округ

22.01.2020 ж/г.

с/ч 10-00

Ақсуат а., ауылдық клуб ғимараты

с.Аксуат, здание сельского клуба.

 

 

Бюджет және салық:

Жеке бюджет – 49 742 мың теңге.

Салықтар 9466,0 мың теңге

Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымындамасы аясында "Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнінде" Ақсуат ауылдық округінің әкімі Энгелов Максим Энгелович қабылдау жүргізеді.

Қабылдау уақыты: 09-00 ден 19-00 ге дейін 21.11.2019 ж.

Қабылдау орны: Әкімшілік ғимараты.

 

Теректі ауданының «Ақсуат ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-сі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қ аулысымен бекітілген «Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипцияларын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» басшылыққа ала отырып,  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес,  Ақсуат және Пойма ауылдарында жергілікті қоғамдастық жиналысы өткені жөнінде хабарлайды.  

Күн тәртібі:

І. Ақсуат  ауылдық округіне қарасты елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселе.

Жергілікті қоғамдастық жиналысымен қабылданған ШЕШІМ:

1) Ақсуат ауылы бойынша:

А.Молдагулова көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі; М.Маметова көшесі – Мәншүк Маметова көшесі деп транскрипциялары нақтылансын.

Атаусыз көше – Достық көшесі; Фурманова көшесі – Тәуелсіздік көшесі; Набережная көшесі – Жағалау көшесі; Пришкольная көшесі - Болашақ көшесі; Нефтебазная көшесі - Шаңырақ көшесі; Степная көшесі – Кең дала көшесі; Трудовая көшесі – Қазақстан көшесі; 50 лет ҚССР көшесі – Бірлік көшесі; Юбилейная көшесі - Байтерек көшесі; Чапаева көшесі - Атамекен көшесі; Колхозная көшесі - Мәңгілік көшесі; Торговая көшесі - Жастар көшесі; Мирная көшесі - Арман көшесі; Заречная көшесі – Жайық көшесі; Лесная көшесі – Аманат көшесі деп өзгертілсін.

 2) Пойма ауылы бойынша:

А.Молдагулова көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі; М.Маметова көшесі – Мәншүк Маметова көшесі;  Шевченко көшесі – Тарас Шевченко көшесі; Абай көшесі – Абай Құнанбаев көшесі; Ауэзова көшесі – Мұхтар Әуезов көшесі деп транскрипциялары нақтылансын.

Атаусыз көше – Белес көшесі; 1У көшесі – Атамұра көшесі; Железнодорожная көшесі – Ақжол көшесі; Набережная көшесі – Шапағат көшесі; Привокзальная көшесі - Береке көшесі; Речная көшесі - Мейрам көшесі; Лесная көшесі – Жеңіс көшесі; Молодежная көшесі – Бейбітшілік көшесі деп өзгертілсін.

3) Осы шешімнің орындалуы Ақсуат округінің әкімі М.Энгеловке жүктелсін.

 

Жиналыс  төрағасы:                     М.Энгелов

Жиналыс  хатшысы:                 Г.Самигуллина

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы - 1,9 млрд теңге болды.

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».

Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді

Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот  – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот – ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.