Ақсуат халық депутаттар ауылдық кеңесі 1953 жылы бұрынғы Сталин атындағы колхоз негізінде құрылды.

Колхоз құрамына Тельман, Айтиев ауылдары кірді. Колхозда жер көлемі 9500 гектар болды. Колхоз дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Колхоздың орталысты  облыс орталығы Орал қаласынан 30 шақырым жерде, Орал өзенінің ең бір көрнекті жерінде орналасқан.

1990 жылы ауылдық кеңес Ақсуат селолық округі болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта ауылдық округ құрамына Ақсуат, Пойма, Магистральный, Әйтиев, Колузанов елді мекендері кіреді.

«Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ақсуат ауылы Жаңа Өмір көшесі №20 ғимараттында орналасқан.